«Қазақ тілі» курсы туралы ақпарат
«Қазақ тілі» пәні мемлекеттік міндетті пәндер модулі аясында гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы факультеттердің орыс бөлімдерінде оқытылады. ЖОО студенттеріне қазақ тілін оқып үйрету барысында олардың коммуникативтік білік, дағдыларын жетілдіру көзделді. Бұл ретте коммуникативтік біліктіліктің лингвистикалық, әлеуметтік тілдік, дискурстық, стратегиялық және мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілік сияқты компоненттерін дамытуға назар аударылды.
Лингвистикалық біліктілікке қол жеткізу мақсатында тіл үйренушінің лексика-грамматикалық дағдыларын жетілдіру, қазақ тілінің грамматикалық, синтаксистік, стилистикалық ерекшеліктерін қолданып, әдеби нормада еркін сөйлеп жаза білу дағдыларын шыңдау мақсаты қойылды.Студенттердің қоғам өмірінің барлық саласында өзге қоғам мүшелерімен қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасап, түрлі мәселелер бойынша өзіндік көзқарас, пікірлерін білдіруіне мүмкіндік беретін әлеуметтік тілдік білікті дамытуға көңіл бөледі.Дискурстық білік дағдыларды жетілдіретін сөз, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін сияқты тілдік бірліктерді өзара байланыстыра қолдануды оқып үйретуге ерекше мән беріледі. Тұлғаның тілді қолдану барысында жіберілетін қателерді болдырмау үшін өзіндік ізденісін дамытатын стратегиялық біліктілікті арттыру көзделді.Қазақ тілін оқып үйрену арқылы қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктері мен ұлттық ойлау жүйесін меңгеруге бағыттайтын мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілікті жетілдірудің маңызы ескеріледі.
Пән мақсаты
Пәннің негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін қарым-қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру.
Басты міндет
Пәннің міндеті қамтылған тілдік деңгейлер аясында қатысымдық және танымдық міндеттердің орындалуы барысында жүзеге асырылады. Атап айтқанда:
- орта көлемді және көлемді мәтіндерді жатық әрі шапшаң оқу;
- монолог, диалог түрінде әңгімелеу, сұхбат жүргізу;
- берілген мәтінге өзіндік пікір айту;
- жүйелік ұғынуды дамыту;
- жазба (жоспар, мәлімдеме, өтініш, хат, реферат, мақала және т.б.) жұмыстарын орындау.
Мақсаттық аудитория
Атаулы курс В2 деңгейінің студенттеріне арналған.
Курсты құрушы
Бакиева Алия Какимовна
Бөлімше: :Қазақ және орыс тілдері
Лауазымы: Оқытушы
E-Mail : [email protected]
Авторлық құқық
Авторлық құқық © Бакиева Алия Какимовна 2020
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және рұқсатсыз таралмауы керек, таралу немесе баспа немесе сандық түрде рұқсатсыз сатылмауы керек.