Қазақстанның қазіргі заман тарихы
KAZ
О курсе «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»
Ұсынылып отырған курс «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын» оқып-үйренетін студенттерге арналған. Курс 10 дәрістен тұратын 4 модульге бөлінген. Курстың мақсаты – Қазақстан аумағында ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыру. Сол арқылы бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыруға жағдай жасалады. Онлайн дәрістер форматы тыңдаушылар үшін өте ыңғайлы. Олар өздері қалаған уақытта дәріс материалдарымен танысып, берілген тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алады. Дәрістерге қосымша берілген тарихи деректер, аудио, видеоматериалдар топтамалары тыңдаушылардың өз білімін толықтырып, жетілдіруге жол ашады. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Курсқа енгізілген интерактивті тапсырмалар, тест жүйесі студенттердің өз бетінше білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Формат и cтруктура курса
Онлайн дәрістер форматы тыңдаушылар үшін өте ыңғайлы. Олар өздері қалаған уақытта дәріс материалдарымен танысып, берілген тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алады. Дәрістерге қосымша берілген тарихи деректер, аудио, видеоматериалдар топтамалары тыңдаушылардың өз білімін толықтырып, жетілдіруге жол ашады. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Курсқа енгізілген интерактивті тапсырмалар, тест жүйесі студенттердің өз бетінше білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы 4 модульден, 10 дәрістен тұрады.
- Тақырыпқа шолу;
- Бейне дәріс;
- Мәтіндік материалдар (дәріс конспектісі);
- Білімді толықтыру – қосымша материалддар мен ресурстарға сілтемелер
- Өзін-өзі тексеру (квиз-тест)
Основная цель
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқытудың мақсаты - Қазақстан аумағында ХХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін орын алған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үдерістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, оларды тығыз байланыста тұтас қарастыру.
Ожидаемый результат
Пәнді оқыту нәтижесінде студент:
1) Білу:
- Қазақстанның Ресейге қосылу процесі, оның жағымды және жағымсыз жақтары;
- азаматтық қарсыласу кезеңінде және кеңестік жүйе жағдайында Қазақстанның дамуы;
- егеменді және тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудың маңызды кезеңдері;
- тарих ғылымының негізгі терминдері.
2) істей білу:
- жалпы құбылыстар мен жеке тарихи фактілерді өзара байланыстыру;
- дерекнамалармен және тарихнамамен өз бетінше жұмыс істеуге, рефераттар, эсселер мен презентациялар дайындауға;
- маңызды тарихи оқиғаларды талдау және бағалай білу; олардың себеп-салдарлық байланыстарын түсіндіру;
- логикалық ойлау, өз пікірін еркін талқылау және қорғау;
- негізгі тарихи түсініктердің мәні мен маңызын түсіндіру.
3) өзіндік дағдылар:
- дереккөздермен, тарихнамамен, мерзімді басылымдар мен Интернеттегі материалдармен жұмыс;
- рефераттар, баяндамалар мен эсселер жазу;
- презентациямен дайындалу және қойылымдар;
- салыстырмалы кестелер құру;
- тесттік және ситуациялық тапсырмаларды орындау;
- көпшілік алдында сөйлеу, пікірсайыс және полемика.
Индикатор достижения цели
Пәнді игеру нәтижесінде қалыптасатын құзыреттер:
- әлемдік және еуразиялық тарихи үдеріс жағдайында тәуелсіз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи негіздері мен кезеңдерін білу;
- тарихи өткен жекелеген құбылыстар мен оқиғаларды сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы тарихи және басқа да зерттеу әдістерімен адамзат қоғамының әлемдік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыра білу;
- дамудың қазақстандық моделінің өзіне тән артықшылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздылығын объективті және жан-жақты түсіне білу;
- қазіргі Қазақстанның күрделі тарихи процестерін, құбылыстары мен тарихи тұлғаларын зерттеу кезінде аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын меңгеру.
Пререквизиты и Постреквизиты
Пререквизиты к курсу: Бұл курсты оқу үшін студент Қазақстан тарихының мектеп курсынан өтуі керек еді
Постреквизиты:
Информационные ресурсы
- Многотомная энциклопедия «Қазақстан: ұлттық энциклопедия» (бас.ред. Ә.Нысанбаев; Алматы, 1998).
- 9-томный справочник «Қазақтар» (құраст. Е.Дүйсенбаев; Алматы, 1998; ред.алқасы Е.Арын; Алматы, 2003)
- Справочники «Народы Казахстана» (сост. Г.Анес и др.; Алматы, 2003)
- «История Казахстана» (В.Осколков, И.Осколкова; Астана, 2008)
- Интернет ресурсы:
- Электронные ресуры:
Направления подготовки
Барлық тарихи емес мамандықтардың студенттері үшін
Часто задаваемые вопросы
Курс авторы
Айдарбаева Раушан Кайсановна
Доцент, тарих ғылымдарының кандидаты,"Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының
оқытушысы
Факультет: Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы
Лауазымы: Доцент
Авторлық құқық
Авторлық құқық © Айдарбаева Раушан Кайсановна 2021
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған
және рұқсатсыз таралмауы керек, таралу немесе баспа немесе сандық түрде рұқсатсыз сатылмауы керек.