«Психология» курсының жалпы сипаттамасы. «Психология» оқу курсы студенттердің психологиялық дайындығының орталық буыны болып табылады. Мамандардың жалпы мәдениетін дамытуға бағытталған, студенттерді психологияның негізгі теориялары мен әдістерімен таныстыруға, студенттердің психологиялық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік-гуманитарлық дайындық пәні. Және де, пән өзін-өзі реттеу және өзін-өзі тәрбиелеу құзыреттерін, командада жұмыс істеу дағдыларын, коммуникативті және басқарушылық қызмет құзыреттерін дамытуда жетекші рөл атқарады. Психология курсы студенттердің алған теориялық білімдерін практикалық қызметтерімен тығыз байланыстыруға, тапсырмалар арқылы өздерін тани білуге, танымдық процестерін және психикалық қасиеттерін зерттеуге, психологиялық білімдерін қалыптастыруға көмектеседі. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттері. Тұлға белсенділігі және оның қалыптасуы. Адамның мінез-құлқын басқарудағы эмоциялардың орны. Тұлғааралық таным мен тұлғааралық қатынастардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Көшбасшылық және басшылық. Психологиялық қақтығыстардың ерекшеліктері және оларды ұжымда шешу жолдары.
Негізгі міндеті – студенттердің ғылыми ой-өрісін кеңейту үшін, олардың теориялық дайындықтарын арттыру; субъектінің іс-әрекеті, танымы және қарым-қатынасы ретінде адамды психологиялық тұрғыдан талдау; негізгі психологиялық ұғымдар, олардың анықтамаларымен таныстыру және олардың мазмұны мен мәнін түсіну; шығармашылық, стандартты емес ойлауды қалыптастыру; психологиялық ойдың классикалық үлгілерімен танысу; индивидтердің әлеуметтік мінез-құлқының әмбебап үлгілерін теориялық негіздеуге ықпал ету: адамдар арасындағы қарым-қатынастың түрлері мен формалары; болашақ практикалық іс-әрекетінде психологиялық білімдерді қолдану.
Самадиева Мейрамгуль Оралтаевна
Мейрамгуль Оралтаевна "Бизнес мектебі", "Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасының" оқытушысы болып қызмет істейді.
Білім саласы: Психология.
Білімі: Психология пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі.