«Картография» туралы ақпарат
Картография-географиялық карталар мен басқа да картографиялық туындыларды (оның ішінде басқа планеталардың карталарын) жасауды, зерттеуді және пайдалануды қамтитын ғылым, техника және өндіріс саласы.
Картографияның мәні карталар арқылы табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді бейнелеу және тану (олардың модельдері ретінде), сондай-ақ картографиялық туындыларды жасау және пайдалану техникасы мен технологиясы болып табылады. Компьютерлендірудің дамуымен картография электронды карталарды құру технологияларымен және сандық картографиялық ақпараттың базалары мен банктерін құрумен айналыса бастады.
Курс мақсаты
«Картография» пәнінің негізгі мақсаты – студенттерге географиялық карта және басқа да картографиялық шығармалар туралы, оларды құрастыру, зерттеу және ғылыми және қолданбалы жұмыста пайдалану туралы білім беру.
Курс міндеттері
Пәнді оқудың негізінде студент келесілерді меңгеруі керек:
-
пəннің негізгі мақсаты болып студенттің оқу деңгейіне қатысты квалификациялық сипаттаманы игеру.
-
картаның географиялық негізін құру үшін жұмысты өз бетімен орындау;
-
объекттер мен құбылыстардың арнайы мазмұндарын топографиялықжəне тематикалық карталарға еңгізу;
-
картадағы бұрмалануларды есептеу үшін формулаларды қолдана білу;
-
проекцияларды құру үшін есептерді орындау;
-
масштаб қатары бойынша генерализацияны орындау;
-
картаны басып шығаруға дайындық жұмыстарының теориясын білу;
-
сандық карта мен пландарды құру үшін жаңа бағдарламаларды оқып игеру.
Курс құрамы:
1. Видео лекциялар және түсініктемелер.
2. PDF – силлабустар және оқу іс тәжірибе материалдар.
3. Квиз –өз біліміңізді бекіту үшін арналған сұрақтар.
Курсты құрушы
Капасов Азамат Кайсарович
Бөлімше: Сәулет, құрылыс және дизайн мектебі
Лауазымы: Оқытушы
E-Mail : azamat040594@mail.ru
Авторлық құқық
Авторлық құқық © Капасов Азамат Кайсарович 2020
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және рұқсатсыз таралмауы керек, таралу немесе баспа немесе сандық түрде рұқсатсыз сатылмауы керек.