«Инженерлік графика» курсы туралы ақпарат
Инженерлік графика инженерлік пәндердің арасында ерекше орын алады. Оны оқу кеңістікті көз алдына елестету қабілетін дамытуға және қисынды ойлауға дағдылануға көмектеседі. Инженерлік графикада кеңістіктегі пішіндерді жазықтықта кескіндеу әдістері және олардың орналасу жағдайы мен өлшемдік сипаттарын анықтауға арналған есептерді шешу жолдары қарастырылады. Бұл пәннің қолданбалы маңыздылығы мынада: ол техника тілін - сызба тілін - игеруге, сызбалар жасауға және оларды еркін оқуға үйретеді. Инженерлік графика болашақ инженерді арнаулы пәндерді оқып меңгеруге, техникалық шығармашылыққа дайындайды. Студент мыналарды елестете білу керек: проекциялық сызбаның әдістерін; конструкторлық тетік бөлшектердің принциптерін, түйіндерін, механизм және машиналарды; сызбаға объектілердің кеңістіктегі кескін құрылысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді, нормативті - техникалық құжаттарды, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін. Пайдалана білу керек: құрастыруды, бөлшектеу сызбасы мен эскизді, өндірістік және жобалық қызметтегі құрастыру, бөлшектеуді, сызбалар мен эскиздерді, стандарттарды пайдалана біліп, техникалық өнім көрінісін және схемасын, құрылымдарды сызуды тәжірибиелі түрде меңгере білуі керек.
Мақсаттық аудитория
ШҚТУ 17-30 жастағы жоғарғы оқу орнының студенттері үшін арналған.
Курс аяқталған кездегі күтілетін жетістіктер
Бұл курс нәтижесінде студентке өз қабілеттілігі және ынтасына байланысты білім беру. Ол үш түрге жіктелген: Жоғары, орта және төменгі.
Курс бойынша қосымша ақпараттар:
- Пәннің пререквизиттері: геометрия, сызу курстары.
- Курс 3 апта көлемінде өтеді.
- Оқыту тілі - қазақ тілі.
- Онлайн форматта.
- Курс апталық жоспарлау негізінде құрылған.
- Әр апта көлемінде тексеру компоненттері бар.
- Курстың жалпы көлемі - 5 кредит.
- Курс ұзақтығы - 15 апта.
- Білім алушының апталық оқу жүктемесі – 10 сағат.
- Курс көлемінде жоспарланған жұмыстардың барлық түрін іске асыруға қажетті материалдардан тұрады.
Курсты құрушы
Есполова Зухра Аблкасымовна
Бөлімше: Сәулет, құрылыс және дизайн мектебі
Лауазымы: Аға оқытушы
E-Mail : [email protected]
Авторлық құқық
Авторлық құқық ©Есполова Зухра Аблкасымовна 2020
Барлық құқықтар қорғалған. Материалдар білім беру контексінде жеке пайдалану және зерттеу үшін ұсынылған және рұқсатсыз таралмауы керек, таралу немесе баспа немесе сандық түрде рұқсатсыз сатылмауы керек.